Алматыда жүк көлігі полиция қызметкерін қағып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдан шығаберісте полиция қызметкері қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапты, деп хабарлады ppatrul.kz порталы. 

Алматыда жүк көлігі полиция қызметкерін қағып кетті

Полицейді Алматы-Қапшағай жолының үшінші шақырымында «Нұра» экопостының жанында қағып кетті.

Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. «Сағат 16.50 шамасында 1987 жылы туған «МАЗ-642208» көлігінің жүргізушісі азамат Б. Оңтүстікке бет алған, ол рөлді басқара алмай, бекетте тұрған жедел әрекет ету қызметі бөлімшесінің (СОБР) сарбазын қағып кетті.

«Аталған жағдай ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша бірыңай соталды тергеу тізіліміне тіркелді. Тергеуді Алматы қаласының тергеу басқармасы жүргізуде», - деп хабарлады алматылық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Полиция капитаны 1986 жылы туған Жандос Нұрғазиев Алматы ІІД жедел әрекет ету жасағында, ішкі істер органында 2009 жылдан бастап аға инспектор болып қызмет етті. Үйленген, екі баласы бар.