Алматыда жүкті әйелді ұрлап, ақша бопсаламақ болғандар ұсталды
АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Алматылық тәртіп сақшылары жүкті әйелді ұрлап, одан ақша бопсаламақ болған азаматтарды ұстады. Бұл оқиға жөнінде бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов баяндады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның мәліметтеріне қарағанда, Алматы қаласының полиция органдарына 29 жасар азаматша хабарласып, өзін белгісіз біреулердің ұрлап әкетіп, 3 миллион теңге бопсалап жатқандығын айтқан.
«Ал ұрланған әйел өзінің денсаулық жағдайының нашарлап бара жатқандығын айтып, нәрестелер үйіне апаруды сұраған. Ал ауруханаға жеткен соң ол бірден полиция органдарына телефон шалған. Жедел-іздестіру жұмыстарының барысында екі жергілікті тұрғын ұсталып, қазіргі таңда жәбірленушінің көлігін іздестіру жұмыстары жүргізілуде.