Алматыда жұмыс берушілерден жалақы бойынша 120 млн. теңге өндіріп алынды - қалалық прокуратура
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда соңғы 11 ай ішінде жұмыс берушілерден еңбек ақысы бойынша 120 млн. теңге берешек өндіріп алынды.
Бұл туралы бүгін Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Алматы қаласы Медеу аудандық прокуратурасының араласуы арқасында 12 кәсіпорын жалақыны дер кезінде төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар соңғы 11 ай бойы еңбек заңнамасының талаптарын елемей келген.
Сондықтан, аудандық прокуратура еңбек инспекциясы бойынша жергілікті мемлекеттік органға жұмыс берушілерге қатысты (Еңбек кодексін бұзушылар)әкімшілік өндірісті қозғау жөнінде ұсыныс түсірді.
Осылайша, 12 кәсіпорын жалақыға қатысты төлемдермен қатар, тағы да 1,5 млн. теңге айыппұл төлеуге мәжбүр болды.
Осаған байланысты, Алматы қаласының прокуратурасы жұмыс берушілерді еңбек заңнамасының талаптарын сақтап, жағдайда сотқа жеткізбеуге шақырады.