Алматыда жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
АЛМАТЫ. Қарашаның 6-сы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда еңбек биржасының ұйымдастыруымен жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қаласы ұйымдар мен кәсіпорындар үшін кадрларды таңдауда жұмыс орнын беруші мен жұмыс іздеушіге арналған жәрмеңкеге еңбекке жарамды, түрлі себептермен жұмыссыз қалған, бірақ кіріс кіргізуге және жұмыс іздеп жүрген, еңбек етуге дайын тұлғалар келіп жатты.
«Жол картасы» бағдарламасы аясында бір қатар жұмыстар атқарылып жатыр. Аудан бойынша жұмыссыздықты азайту үшін жыл сайын жұмыспен қамту жәрмеңкелері өтіп келеді. Бүгінгі жәрмеңкеге ауданымыздың 40-тан астам мекемелері қатысып, 700-дей жұмыс орынын ұсынып отыр», дейді Алматы қаласы, Алмалы ауданының әкімі Марат Пірінбеков.