Алматыда Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің көрмесі өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Алматыдағы ҚР Суретшілер одағында, Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Дизайн және декоративті қол өнер» факультетінде оқитын студенттер жұмыстарының көрмесі ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Наурыз айының 24-не дейін жалғасатын бұл көрмеде ағаш пен теріден жасалған ыдыс-аяқтар, қазақтың декоративті музыка аспаптары, сонымен қатар күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, қыш бұйымдары, кәдесый заттар мен гобелендер қойылған.

«Барлық бұйымдар көне дәстүрлік стилде жасалуымен ерекшеленіп тұр. Жаңа қол өнер шеберлерінің шығармаларымен танысу Отанға, оның мәдениетiне деген сүйіспеншілік сезімді нығайта түседі. Бүгінгі көрмеге қатысушыларға таңдаған жолдарына адалдықты тілегім келеді, өйткені олар ғасырлар бойы келе жатқан сурет дәстүрін жалғастырушылар», дейді көрме залының директоры, мүсінші- өнертанушы Эльмира Ахметова.

Соңғы жаңалықтар