Алматыда жүргізілген рейд нәтижесінде бірнеше дүңгіршек пен жабайы сауда орындары жабылды

АТЫ. 18 шілде. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Өткен аптада санитарлық- эпидемиологиялық қызмет пен аудандық ішкі істер органдары және әкімшілік бірігіп өткізген рейд нәтижесінде Алматыда бірнеше дүңгіршек жабылды.

Алматыда жүргізілген рейд нәтижесінде бірнеше дүңгіршек пен жабайы сауда орындары жабылды

Аталған шара шілденің 7 мен 14 аралығында жүргізіліп, қорытындысында 7 дүңгіршек өз жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ арнайы топтың күшімен 34 жабайы сауда орны жабылды.

Мәселен, Алатау ауданында 4 жабайы сауда орны анықталды. Аудан әкімшілігімен бірлесіп екі рет рейд жүргізілген. Сонымен қатар Алмалы ауданында 12, Әуезов ауданында 5, Бостандық ауданында 8, Жетісу ауданында 11 және Түрксіб ауданында 6 заңсыз жұмыс істеп келген сауда нүктелері жабылды.

Өткен аптада сонымен бірге 8 базардыцң маңында да рейд жүргізіліп, «Болашақ», «Құлагер», «Жұлдыз», «Тастақ», «Кәрім», «Ботагөз», «Сәлем» сауда орындары маңындағы 42 жабайы сауда көздері жабылған.