Алматыда жүргізуші 10 жастағы баланы қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүргізуші 10 жастағы баланы қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бала түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Оқыс оқиға Пятилетка шағын ауданында Клара Цеткин көшесінде болған.

«Бала түнгі 22:47-де балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Оны мультидисциплинарлық бригада қарап шықты. Басын рентгенге түсірді. Нәтижесінде бас сүйегі дін аман екені анықталды. Нейрохирургиялық және травматологиялық жарақат жоқ болып шықты. Жұмсақ тіндері жаншылған, оң жақ шынтағы сүрілген», - деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Медицина мамандарының айтуынша, бала қазір амбулаториялық емдеуге жіберілді. Жүргізуші баланы оқиға орнында қалдырып өзі қашып кеткен.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар