Алматыда жүргізушілерден ақша бопсалаған «жалған полицей» бас бостандығынан айрылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат Алматыда елден ақша бопсалап келген «жалған полицейге» қатысты Жетісу аудандық №2 соты үкім шығарды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда жүргізушілерден ақша бопсалаған «жалған полицей» бас бостандығынан айрылды

Сотта қаралған материалдарға қарасақ, ер адам өз әрекетін жүзеге асыру үшін жалған полиция куәлігін жасатып, арнайы форма киіп жүрген. Ол Magnum сауда үйінің қасында бес күн бойы жолдағы жүргізушілерді торуылдаған.

Сот процесі барысында ол өз кінәсін толығымен мойындады.

Жетісу аудандық соты оны ҚР ҚК 385-бабының 1-бөлімімен (билік өкілінің лауазымын пайдалану), 390-бабының 1-бөлімімен (полицей куәлігін қолдан жасау) айыпты деп танып 1 жылға бас бостандығын шектеді.