Алматыда журналистер аллеясы ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Атакент» саябағында журналистер алма ағаштарын отырғызды. Қала орталығындағы бұл жерге күн сайын 10 мыңға жуық тұрғын келіп, демалады, деп хабарлайды Хабар24kz.

Олардың әрқайсысына бір ағаштан келеді. Алайда қарқынды өсіп келе жатқан мегаполис үшін көк желектің көп болғаны жақсы. Жергілікті «Достар клубының» белсенділері қатысушыларға тал егуге қажетті құралдар таратып, ағаштың төлқұжатын тапсырды. Әр ағашқа оны отырғызған журналистің аты-жөні жазылған тақтайша бекітілді. Журналистер аллеясына бүгін жалпы саны 70 ағаш егілді.

«Неге журналистерді таңдадық? Себебі Алматыда журналистер аллеясы жоқ. Бұл аумақта жеке күзет жұмыс істейді. Сондықтан ағаштар үшін алаңдаудың қажеті жоқ. Суаруды қазіргі сәнге сай ұйымдастыруды жөн көрдік. «Өз ағашыңды суар» деген ұранмен әр журналистке, телеарнаға әлеуметтік желі арқылы эстафета жолдаймыз» ,-дейді қоғамдық бірлестік президенті
Бауыржан Баякешов.

Соңғы жаңалықтар