Алматыда журналистер арасында «Жүректен жүрекке» деп аталатын республикалық байқау жарияланды
Аталмыш мекеменің бас директоры Жеткерген Арзықұловтың айтуынша байқаудың мақсаты - қалың жұртшылықты жүрек аурулары мен одан туындайтын проблемалардан хабардар ету, елдегі кардиохирургия, кардиология, ангиохирургия мәселелері мен қазіргі жай-күйін бұқаралық ақпарат құралдарында барынша толыққанды әрі объективті тұрғыдан көрсетуге, салауатты өмір салтын кеңірек насихаттауға ықпал ету, сонымен қатар, Қазақстанда жүрек пен бауыр ауыстыру операцияларына қатысты мәселелерді шынайы әрі кәсіби тұрғыдан көрсету болып табылады.
Байқау үш аталымнан тұрады. Конкурсқа Қазақстандағы баспасөз, радио, телеарналар мен Интернет-басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жарияланған жұмыстар қабылданады. I аталым -«Баспасөзде жарияланған ең үздік материал үшін» 1-сыйлық - 100 000 теңге, 2-сыйлық - 75 000 теңге, 3-сыйлық - 50 000 теңге, II -ші «Ең үздік телевизиялық материал үшін» аталымына 1-сыйлық - 150 000 теңге, 2-сыйлық - 125 000 теңге, 3-сыйлық - 100 000 теңге. III аталым -«Радиоэфир арқылы немесе Интернет-басылымда жарияланған ең үздік материал үшін» - 1-сыйлық - 75 000 теңге, 2-сыйлық - 50 000 теңге, 3-сыйлық - 25 000 теңге.
Барлық материалдар төмендегі мекен-жай бойынша қабыладанады: индекс 050004, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі 62-үй, «А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ-на. Құжаттың сыртына конкурс аталымы көрсетіліп, «Жүректен жүрекке» байқауы комиссиясына» деген белгі соғылуы шарт. Құжаттар 2011 жылдың 20-қарашасына дейін қабылданады. Байқау нәтижелері «Kazakhstan today» ақпарат агенттігі мен «Interfax Казахстан» ақпарат агенттігі сайтында жарияланады.
Байқаудың бас демеушісі Yumgiskor компаниясы.