Алматыда журналистерге арналған семинар-тренинг өтті

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БАҚ-тың әлеуметтік жауапкершілігі мәселесі бойынша журналистерге арналған семинар-тренинг болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Семинарды «Парасатты еңбек етуші әйелдер» қоғамдық қоры бірлестігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті ЮНЕСКО кафедрасы бірлесе ұйымдастырды. Оған журналистер, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Семинарда ҚР-дағы азаматтық қоғам қызметінің БАҚ-та жариялануы сөз болды. Сонымен қатар, қазақстандық журналистердің ҮЕҰ қызметін жариялаудағы әлеуметтік жауапкершілігі мен азаматтық ұстанымдары талқыланды.

«Қоғамда қалыптасып отырған әр түрлі әлеуметтік, экономикалық және басқа да жағдайлар әрдайым журналистер назарында. Сондықтан, қоғамдық мәселелерді жариялауда журналистердің орны ерекше. Біздің бүгінгі басқосуымызда аталған жайттарға байланысты студент жастар мен жас журналистерге үлкен сабақ болады деген ойдамын», дейді «Мерзімді баспасөз және интернет-журналистика» кафедрасының меңгерушісі Шарван Нұрғожина.

Жиын соңында талқылаулар қорытындысы бойынша әдістемелік ұсыныстар даярланды.

Соңғы жаңалықтар