Алматыда журналисті өлтіруге қатысты деген күдікпен Қырғызстан МҰҚК қызметкерлері ұсталды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің екі қызметкері танымал қырғызстандық журналист Геннадий Павлюктің өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының өкілдері хабарлады.

Алматыда журналисті өлтіруге қатысты деген күдікпен Қырғызстан МҰҚК қызметкерлері ұсталды

Ресми ақпарат бойынша, Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасына Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасынан аталған қылмыстық іс бойынша қырғыз арнайы қызметінің екі қызметкеріне қатысты материалдар келген. Бұл материалдар бойынша, аталған азаматтарды 2009 жылы желтоқсандағы оқиғаға, яғни Г.Павлюктің өліміне қатысты деген факті бойынша айыптау туралы қаулы шығарылған. Аталған қылмыс Алматыда болғаны белгілі. Олар ҚР МҰҚК уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу тобы жұмыс жасап жатыр. Еске сала кетейік, Алматы ауданаралық сотының үкімімен 2011 жылдың 10 қазанынан Г.Павлюктің өліміне байланысты ҚР МҰҚК бұрынғы қызметкері А.Исманқұловпен бірге Қазақстан азаматтары А.Игіліков пен Ш.Оразалин сотталды.