Алматыда жүйіткіген Hyundai 3 көлікті қақты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Орталық стадионы маңында жүйіткіген Nissan 3 көлікті қақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жүйіткіген Hyundai 3 көлікті қақты

Жол апаты Сәтбаев көшесінің бойында Орталық стадионға жақын маңда болды. Инкассаторлық машина мен BMW жүргізушілерінің сөзіне қарағанда, олар Сәтбаев көшесімен шығысқа қарай бет алып келе жатқан. Кенеттен жолдың арғы бетіндегі Hyundai қарама-қарсы келе жатқан инкассаторлар мен BMW-ны соққан. Сондай-ақ батыс бағытта Сәтбаев көшесінен бұрылуға Nissan көлігі дайындалып тұрған. Hyundai бұл көлікті де қағып өткен.

Оқиға орнына жеткен жәдел жәрдем бригадасы зардап шегушілерді тексеріп шығып, Hyundai-дің жүргізушісін ауруханаға алып кетті. Nissan мен BMW-ның иелері ауруханаға барудан бас тартты.