11:21, 28 Маусым 2018 | GMT +5
Алматыда жүйіткіген SsangYong жол жиегіндегі көлікті тас-талқан етті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жоғары жылдамдықпен жүйіткіген SsangYong көлігі жол шетінде тұрған Mercedes-ті тас-талқан етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол апаты Рысқұлов даңғылының бойында болды.
SsangYong жүргізушісі шығысқа бағыт алып келе жатып, жол шетінде көліктің тұрғанын байқамай қалған.
Оның айтуынша, Mercedes иесі жолға еш белгі қоймаған әрі апаттық сигналды қоспаған. Сол себепті кроссовер жүргізушісі дер кезінде көлігін бұрып үлгермеген. Ал Mercedes иесі көлігінің жолда кенеттен өшіп қалғанын айтуда. 
Жол апатынан Mercedes жолаушысы зардап шекті. Жедел жәрдем түрлі жарақат алған адамды ауруханаға алып кетті.



