Алматыда жыл басынан бері 18 мыңға жуық жұмыс орны құрылды - А. Есімов
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Алматыда 17,5 мың жұмыс орны құрылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Алматы әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті.
«Жыл басынан бері 17,5 мың жұмыс орны құрылды және бұл мәселе біздің қала үшін өте маңызды. Біз биыл 18 мың жұмыс орнын ашу мақсатын қойдық, сондай-ақ бұл көрсеткішке міндетті түрде қол жеткізіледі», - деді әкім.
Оның сөзіне қарағанда, Алматыда экономикалық белсенді тұрғындарға шаққанда жұмыссыздар ретінде тіркелгендердің үлесі 0,2 пайызды қамтып отыр.