Алматыда жыл басынан бері 28 адам қызылшамен ауырған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жыл басынан бері қызылша ауруының 28 дерегі тіркелген, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

Алматыда жыл басынан бері 28 адам қызылшамен ауырған

«Көбінесе науқастардың 82 %-ы 3 жасқа дейінгі балалар. Сондай-ақ, 20-29 жас аралығындағы ересек адамдар да ауырған», - деді қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова.

Оның айтуынша, қызылша ауруы былтыр сәуір-маусым аралығында, қараша айларында өршіген.

Қызылшаны көбіне екпеден бас тартқан адамдар жұқтырған.