Алматыда жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысты 900-ге жуық адам тіркеуге алынды

АЛМАТЫ. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Алматыда жыл басынан бері есірткімен байланысты  900-ге жуық адам тіркеуге алынды. Барлығы 140 килә есірткі тәркіленген.
None
None

Оның 10 киләсі героин болса, 98 киләсі марихуана және 22 киләсі - гашиш, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда қоғамға қатер төндіріп тұрған мәселелердің бірі есірткі және есірткі саудасы болып отыр. Осы мәселеге байланысты елімізде «Қазақстан Республикасының 2006-2014 жылдарға арналған есірткі және есірткі саудасымен күрес стратегиясы» қабылданған болатын.

«Есірткімен күрес жұмысы жайында баса айта кететін жайт,  Тәжікстаннан тасымалданатын халықаралық есірткі арнасының жойылуы. Мұны өзінің үйінде жасырын есірткі қоймасы бар және героинды сату арнасын жолға қойған Алматы қаласы Медеу ауданының тұрғыны ұйымдастырған. Тәркіленген есірткі ұнтағының жалпы салмағы бір келіні құраған. Қазіргі уақытта ол азаматқа қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Жуықта қылмыстық іс сотқа тапсырылатын болады», дейді ІІБ есірті саудасымен күрес басқармасы басшысының орынбасары Ермұрат Ізгітиев.

Осы күндері қала бойынша есірткі қылмысын және есірткі саудасын ауыздықтауға, сондай-ақ қылмыстық топтарды жоюға арналған шапшаң-алдын алу шарасының 4-ші кезеңі өтіп жатыр. Апта ішінде 15 есірткі қылмысы әшкерленіп, екі есірткі арнасы және 2 киләдан астам есірткі тәркіленген.

Соңғы жаңалықтар