Алматыда «Жыл ояту» рәсімі өтеді

АЛМАТЫ. 22 наурыз. ҚазАқпарат  - Наурыз мейрамын алматылық жастар бүгін «Жыл ояту» рәсімімен бастайды.

Алматыда «Жыл ояту» рәсімі өтеді

 Театрландырылған қойылым  көктем көрінісін бейнелейді. Бұл Жер-ана  қысқы ұйқысынан оянып, күн сәулесі қатқан тоңды жібітер, жылы жақтан оралған құстардың қиқу салған үні мен бұлақтардың сылдыры сезілер кезең. Ол одан кейін  қазақ ауылының Наурыз мейрамын тойлау дайындығына ұласпақ. Оны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастырып отыр. Олар кешкі 19.00 мен 21:00 аралығында өтетін «Жастар мейрамы» диско-концертін өткізбек. Бұл шараның көрігін қыздыруға  - Айса, Индира Расылхан, Олег Никитин және «Асу», «Асыл», Евразия», «JADO», «Vi Alem Group» топтары мен өзге де өнерпаздар қатыспақ.