Алматыда жыл сайын кемінде 35 ірі бұқаралық іс-шара өтетін болады - Ерболат Досаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2030 жылға дейін кемінде 16 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жыл сайын кемінде 35 ірі бұқаралық іс-шара өтетін болады - Ерболат Досаев

Алматы әкімінің айтуынша, қаладағы орталық стадионға халықаралық стандарттарға сәйкес жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жаңа жеңіл атлетика манежі ірге қалайды.

«Жыл сайын көптеген қалалық спорттық іс-шаралармен қатар, халықаралық деңгейде кемінде 35 ірі бұқаралық іс-шара өткізетін боламыз. Бұл алматылықтардың дене шынықтыру және спортпен қамтылуын 2025 жылға қарай 40%, 2030 жылға қарай 50%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді Ерболат Досаев.
Ол сондай-ақ Алматыда стрит-спортты дамыту (жүгіру жолдары мен спорттық алаңдар) қолға алынатынын және ресми дерек бойынша, бүгінде алматылықтардың тек үштен бірі ғана үнемі дене шынықтыру және спортпен айналысатынын атап өтті.