Алматыда жыл сайынғы халықаралық PR-форум өтіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда 11-ші халықаралық PR-форумның жұмысы басталды. Онда отандық PR саласының мамандары мен шетелдік сарапшылар қоғаммен байланыс саласында Қазақстанда және әлемде орын алып жатқан мәселелерді, құбылыстарды және жаңа бағыттарды талқылайтын болады.
None
None

«Қазақстанда биыл көптеген компанияларда пиар-бюджеттің көлемі орта есеппен 20-30 пайызға қысқартылды. Келесі жылы да осындай жағдай сақталуы мүмкін. Сәйкесінше, жұмыс істеу тәсілі де өзгеріп жатыр. Сондықтан пиар нарығының мамандары осыған бейімделе отырып, осы салада қолға алынып жатқан жаңа технологиялардың қалай жұмыс істейтіндігін жақсы меңгерулері тиіс. Жаңа технологиялар - осы 11-ші форумның күн тәртібіндегі басты тақырптардың бірі» - деді қазақстандық PR-шы клубының президенті Әсел Қарауылова.

Сонымен қатар, бүгінгі форум барысында үстіміздегі жылдың 10-11 наурызы аралығында Швейцарияның Давос қаласында өткен Халықаралық коммуникация форумының қарарлары, Еуразиялық бизнес форум аясында жүргізілетін «Топжарған» беделдік рейтингі жобасы шеңберінде жүргізілген зерттеулердің қорытындысы талқыланады.

Соңғы жаңалықтар