Алматыда жыл соңына дейін 10 балабақша салынады - Ахметжан Есімов

МАТЫ. 11 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Балапан" бағдарламасы бойынша биыл Алматыда жыл соңына дейін жаңадан 10 балабақша салынады.

Алматыда жыл соңына дейін 10 балабақша салынады - Ахметжан Есімов

Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін "Көкжиек" ықшамауданында 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелейтін 120 орындық №171 балабақшаның ашылу рәсімінде айтты.

А.Смағұлұлының айтуынша, онда оқу-тәрбие үдерісі мемлекеттік тілде жүргізілетін болады. Бұл "Балапан" бағдарламасы бойынша ашылып отыр. "2008 жылы шаһарда бірде-бір жеке балабақша ашылмаған еді. Соңғы 3 жылда 3 мың орындық 57 жеке балабақша ашылды. Сондай-ақ қазіргі таңда жалға берілген 6 балабақша қайтарылды. Бұл үрдіс алдағы уақытта одан әрі жалғаспақ", - дейді Ахметжан Есімов. Жалпы қалада 1989 жылдан кейін 20 жыл бойы бірде-бір бала бақша салынбаған еді. Одан кейін алғаш рет 2009 жылы жаңадан 2050 орындық 10 балабақша салынды. Оның алтауы - мемлекеттік. Былтыр 3 мемлекеттік мекеме қатарына тағы 3 балабақша қосылған еді. Биылғы жартыжылдықта олардың саны тағы біреуге ұлғайды. Жыл соңына дейін ол 10-ға дейін жетпек. А.Смағұлұлының сөзіне қарағанда, соңғы 3 жылда жаңадан ашылған және кері қайтарылған балабақшалар есебінен ондағы орын 5 474-ке ұлғайды. Жыл соңына дейін ол 2 410 орынға ұлғайып, 7884-ке дейін жетпек. Қазіргі таңда қаладағы 211 мектепке дейінгі мекемеде 40 230 бала тәрбиеленуде. 2008 мектепке дейінгі балабақшаларда 24 484 орын жетіспейтін. Биыл 1 тамызда ол 15 500-ге дейін азайды. 2012 жылдың 1 қаңтарында бұл сан 13090 орынға дейін кемімек.