Алматыда жыл соңына дейін 900 мың адамға вакцина салынады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл соңына дейін 900 мың адамға вакцина егіледі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Сәуір айының бесі күні біз вакцинаның 14 900 дозасын аламыз. Қалған дозалар бір ай ішінде жеткізілуі керек. Жалпы, бұған барлық медициналық ұйымдар дайын. Сонымен қатар, әкімнің тапсырмасы бойынша және министр А. Цойдың сапарынан кейін қалада 250-ге дейін вакцинация пункті дайындалуда. Жыл соңына дейін 900 мың адамға дейін вакцина егу жоспарда», - деді ол.

Еске салайық, Бақытжан Сағынтаев Алматыда вакцинаға квота ұлғайтылатынын айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар