Алматыда «Жыл таңдауы, Алтын адам 2009» Ұлттық жүлдесінің жеңімпаздары анықталды

АЛМАТЫ. Желтоқсанның  2-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Кеше кешкісін Алматыда Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында «Жыл таңдауы, Алтын адам-2009» Ұлттық жүлдесін тапсыру рәсімі өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты кеште дәстүр бойынша әр саладағы жылдың ең үздік, табысты адамдары мен компаниялары марапатталды. Биылғы жылы фестивальдің 10 жылдық мерейтойына орай аталымдарға «Тәуелсіздіктің алғашқы 10 жылдығындағы ең үздік жоба, адам» аталымы қосылған. Бұл аталым бойынша «Ең үздік мәдени жоба» атағын Астанадағы К.Байсейітова атындағы опера және балет театры,  Ең үздік спортшы атағын Ольга Шишигина, 10 жылдықтағы музыкалық символ атағын Марат Бисенғалиев, ең үздік білім сапасы атағын Астанадағы Музыка академиясы алды.  Ал жылдың ең үздік тележурналисі Артур Платонов, ең үздік журналисі Сапа Мекебаев, жылдың ең үздік патриоты Дмитрий Петрухин, Мәдениетке еңбек сіңірген ең үздік адамы Досхан Жолжақсынов, жыл спортшысы Сиязбек Далиев, жылдың дәрігері Николай Дьяченко, жыл ғалымы атағы Серік Ақшолақовқа берілді. Ал жыл таңдауы  36 аталым бойынша  өтті. Фестивальдің басты жүлдесі Бизнес гран-при «Номад иншуранс» АҚ сақтандыру компаниясына бұйырды. БАҚ саласы бойынша жылдың №1 телеарнасы атағы КТК арнасына,  №1  қоғамдық-экономикалық журнал атағы «Vox Populi», ең үздік кабелдік телеарна операторы «Алма-тв» компаниясына берілді. Әлеуметтік саладағы ең үздік жарияланымы үшін «Караван» газеті, қоғамдағы маңызды мәселелерді көтергені үшін «Аргументы и факты» басылымы  арнайы жүлдеге ие болды.

Соңғы жаңалықтар