Алматыда жылдың үздік әндері шырқалады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биыл тұңғыш рет өткелі отырған бұл шараға Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті қолдау көрсетіп отыр. Оған Мақпал Жүнісова, Қыдырәлі мен Қарақат, Гауһар Қаспақова, Гауһар Әлімбекова, Рамазан Стамғазиев сияқты 32 өнер шебері қатысады. Жылдың үздік әндерін орындаушыларға Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан алғыс хат беріліп, сый-сияпат жасалып, арнайы жасалған статуэтка берілетін болады», дейді бұл концертті ұйымдастырып отырған «Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай. Алдағы уақытта бұл жоба дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін шара болмақ. Мақсат - отандық өнер шеберлерін ынталандыру. Сондай-ақ жылдың үздік әндердің орындаушыларын бір жерге жинап тыңдарманға әсем әуен мен жұлдызды кеш сыйлау.