Алматыда жылдың үздік әндері шырқалды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Жаңа жоба Қазақстан шоу бизнесінің дамуына өз үлесімізді қосу мақсатында ұйымдастырылды. Онда әншілердің бір жылдың ішінде атқарған еңбегін бағалау көзделді. Үздіктер радиолардағы музыкалық редакция қызметкерлерімен ақылдаса отырып іріктелді. Содан кейін ғана орындаушыларға хабарласып аталмыш жобаға қатысуға өтініш білдірдік", дейді "Еламан" продюсерлік орталығының директоры Айтмұқан Сқақов.
Бұл жолы Роза Рымбаева - "Қазақстан", Мақпал Жүнісова - "Мәңгілік сағыныш", Тамара Асар - "Әридай", Бейбіт Қорған - "Тыңдашы жаным", Қыдырәлі мен Қарақат - "Ризамын саған", Ұлытау тобы - "Жұмыр қылыш", Каспий тобы - "Лили", Мұзарт тобы "Күзгі бақ" деген әндерін орындады. Айтмұқан Сқақовтың айтуынша, бұған дейін олар наурыздың 25-і күні "Наурызнама" деп аталатын жобаны жүзеге асырған.