Алматыда жылу желілері сынақтан өткізіледі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 2016 жылдың 18-22 сәуірі аралығында «Алматы жылу желісі» ЖШС температураны көтеру арқылы жылу желілерін сынақтан өткізеді.
18 сәуір күні таңғы сағат 09:00-ден 22 сәуір күнгі кешкі сағат 17:00-ге дейін:
Әл-Фараби даңғылы-Асқаров-Мирас-Сайын-Торайғыров-Рысқұлбеков-Навои-Каблуков-Розыбакиев-Гагарин-Өтепов-Жароков-Овчаров-Эксперементальная-База-Ботаникалық саябақ-Қожанов-Тимирязев-Шашкин-Желтоқсан-Ганди-Фурманов-Достық даңғылы (ІІМ шипажайына дейін)-Тайманов көшелері аумағында жатқан жылу желілері сынақтан өткізіледі.
Ал 18 сәуір күнгі таңғы сағат 08:00-ден бастап, 21 сәуір күнгі кешкі сағат 17:00-ге дейін:
Рысқұлбеков-Рысқұлов-Гайдар, Әуезов (Қалқаман ықшамауданы), Райымбек даңғылының оңтүстік жағы- Момышұлы-Ақын сара-Ақсай көшелері, «Алғабас-1,6» ықшамаудандары, «Ақбұлақ» ықшамауданы (батыс, оңтүстік, солтүстік жағы), Үлкен Алматы өзені аумағы, Гайдар, Мирзоян, Сәтбаев, Қарасай батыр көшелері мен Абай даңғылы бойында жатқан жылу желілері сыналады.
«Алматы жылу желісі» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, сынақ барысында ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады.
Ал штаттан тыс жағдай орын алған жағдайда «Алматы жылу желісі» ЖШС апаттық-диспетчерлік қызметінің мына телефон нөміріне хабарласуға болады: 378-06-65.