Алматыда жылу желісіндегі апаттан бірқатар үй сусыз қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Фурманов көшесінде жер асты жылу желісінде апат болып, жол қозғалысы шектелді. Сондай-ақ, бірқатар үйлер ыстық сусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда жылу желісіндегі апаттан бірқатар үй сусыз қалды

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыдағы Фурманов көшесінің «Рамстор» сауда орталығы жанындағы жылу желісінде болған апат бүгін түстен кейін қалпына келтіріледі.

Қазіргі кезде жол қозғалысы толығымен қалпына келтірілген.

««Самал-1», «Самал-2»  және Достық даңғылынан Оспанов көшесі бойындағы тұрғындардың барлығына ыстық су кешкі сағат сегіз  шамасында беріледі. Бұл жаңа жылу құбырларын сынақтан өткізген соң ғана жүзеге асады», делінген хабарламада.