Алматыда жылына 4 мың адам қатерлі ісікке шалдығады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Мегаполисте жылына 4 мың адам қатерлі ісікке шалдығады. Бұл туралы Алматы қаласы онкология орталығының директоры Нұрсұлтан Ізбағамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жылына 4 мың адам қатерлі ісікке шалдығады

Дәрігер биыл қатерлі ісікті ерте кезеңінде анықтау көрсеткіші артқанын айтты.

«Биыл жылдың 9 айында орталықта 13 256 науқас емделді. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда науқастар саны 15 пайызға көбейді. Бір қуантарлығы қатерлі істіктен болатын өлім-жітім 10 пайызға қысқарды. Бұл біріншіден, ем алып жатқан науқастар санының көбеюіне байланысты. Екінші жағынан ісікті ерте кезеңінде анықтап, емді ертерек бастауынан», - деді ол.
Сонымен қатар, ол қатерлі ісікке шалыдыққандар арасында өмір сүру ұзарғанын айтты. «Мәселен, ауырған сәтінен бері 5 жыл уақыттан бері ем алып келе жатқан науқастар саны 54%-дан асты. Статистика бойынша Алматыда жылына 4 мың адам қатерлі ісікпен ауырады. Бірақ емін алып, жұмысын жалғастырып жатқандардың саны қазір 27 мыңға жетті», - дейді орталық директоры.
Нұрсұлтан Ізбағамбетов мына белгілер пайда болса, дереу онкологқа жүгіну керектігін ескертті. Олар: анемия, көкжөтел және қан араласқан қақырық, сүт бездерінің, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, шаршау әрі салмақ жоғалту, денедегі қалдың өзгеруі және басқалары,