Алматыда жылыту маусымы ертерек басталуы мүмкін

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасының Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирі барысында қалада жылыту маусымы қашан басталатыны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Нақты айтқанда, шаһар басшысы жылытуды мерзімінен бұрын қосуға болатынын айтты.

«Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, ауа температурасы +8°C және бес күн ішінде одан төмен болса, онда жылыту маусымының басталатыны белгілі. Алайда, алдыңғы жылыту маусымындағыдай, ауа райы салқын болса, жылыту маусымы ертерек басталуы мүмкін»,- деді ол.

Оның айтуынша, қала тұрғындарының денсаулығы қымбат болғандықтан, күн суытқан жағдайда, жылу берілетінін атап өтті.

Бүгінде жылу желілерін дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде, олардың толық дайындығы ағымдағы жылдың 25 қыркүйегіне дейін жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар