Алматыда жылжымалы вакцина салу пунктері ашылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинацияға арналған жылжымалы медициналық пунктер құрылады. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медициналық мекемелер мен емханалардан басқа, біз вакцинация пункттерін адамдар көп шоғырланған жерлерде, сауда және ойын-сауық орталығында орналастырдық. Сонымен қатар, қаланың шеткі аудандарына жылжымалы вакцинацияға арналған пункттер ашылады. Бұл медициналық жабдықтармен жабдықталған көліктер болады. Оның саны саны әзірге төртеу», - деді Нариман Табынбаев ОКҚ өткен брифингте.

Бұған дейін, Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудың алгоритмі түсіндірілген болатын.


Соңғы жаңалықтар