Алматыда жыр дүлдүлі Кенен Әзірбаевтың 125 жылдығына арналған салтанатты кеш өтеді

АЛМАТЫ. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда қарашаның 30-ы күні  Қазақ КСР-інің халық ақыны, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері. КСРО Жазушылар одағының, КСРО Композиторлар одағының мүшесі Кенен Әзірбаевтың 125 жылдығына арналған салтанатты кеш өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін мұндай салтанатты кеш қарашаның 10-ы күні  Астанада Президенттік  мәдениет  орталығында өткен болатын. 1884 жылы маусымның 19-ында қазіргі Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Мәтібұлақ деген жерде өмірге келген әйгілі өнер саңлағы 1976 жылы 92 жасында дүниеден озған болатын.

Ақындық, әншілік, жыраулық, күйшілік, сазгерлік сияқты сан түрлі өнерді бір бойына жинаған қайраткердің  шығармашылық еңбегі көзі тірісінде-ақ халық пен үкімет тарапынан жоғары бағаланды. Жеті дүркін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, 1945, 1959 жылдары  «Құрмет белгісі», 1967 жылы Еңбек Қызыл Ту, ал  1974 жылы  Ленин орденімен марапатталды. Сондай-ақ,  Қазақ КСР-інің халық ақыны, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері атанып, КСРО Жазушылар одағының және  КСРО Композиторлар одағының мүшесі болды. Жалпы өнер адамдарының ішінде Кеңес Одағы дәуірінде  ақындардың ішінде екі бірдей үлкен одаққа мүше болған тек Кенен Әзірбаев қана.

Соңғы жаңалықтар