Алматыда «Жыр жүректің жылуы» атты поэзия кеші өтті

АЛМАТЫ. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Кеше «Өмірді қорғау» қайырымдылық қоры мен «Жас қазақ» газеті бірлесіп,

Алматыда «Жыр жүректің жылуы» атты поэзия кеші өтті

Жазушылар одағының 75 жылдығына орай «Жыр жүректің жылуы» атты поэзия кешін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

   Кеште Ұлықбек Есдәулетов, Ләззат Игісінова және бірқатар ақындар өлең оқып, әсем әндер шырқалды. Сонымен қатар, аталмыш қор мен «Жас қазақ» газеті ұйымдастырған «Нұрлы көш» тақырыбында жазылған шығармалар байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау бойынша Көкше Ақын, Нұргүл Жанқыдырқызы, Мереке Қазизұлы жеңімпаз атанды.

 «5-6 айға жалғасқан бұл шараға көптеген адамдар қатысып, бізге бірқатар шығармалар түсті. Зиялы қауымнан көші-қон мәселесіне байланысты, жалпы дүниежүзіндегі қазақтардың тұтастығын арқау еткен сүбелі еңбектер күткен болатынбыз. Дегенмен,  ең тәуір деген шығармаларды марапаттадық», дейді «Өмірді қорғау» қайырымдылық қорының басшысы. Мұратхан Шоқанұлы.