Алматыда зияткерлік ойындардан студенттер арасындағы қала чемпионаты өтеді

АЛМАТЫ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда ақпанның 21-інде жоғары оқу орындарының студентері арасында зияткерлік ойындардан қала чемпионаты басталады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат K Cell компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Алматы қаласының зияткерлік спорт лигасының қамқорлығымен өтетін бұл жарыстың бас демеушісі K Cell компаниясы болып отыр. 5 кезеңнен тұратын бұл чемпионат ақпанның 21-22-сі күндері Қазақ-Британ техникалық университетінің Халықаралық пікірсайыс турнирі аясындағы ҚБТУ бас жүлдесін сарапқа салудан басталады. Наурыз айында Алматы энергетика және байланыс институты мен Халықалалық бизнес университетінде (UIB) чемпионаттың 2-3-і кезеңдері өтеді. Сәуір айында ол Сүлеймен Демирел атындағы университетте жалғасып, чемпионат финалы мамыр айынның бас кезінде Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында мәреге жетпек. Жалпы зияткерлік ойындар лигасының бұл чемпионаты 8 жоғары оқу орнын біріктіреді. Олар ? Қазақ-Британ техникалық университеті, Алматы энергетика және байланыс институты, Халықаралық бизнес университеті, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті мен Сүлеймен Демирел атындағы университет. Зияткерлік ойындардың биылғы чемпионатына 5 кезеңде 20 команда қатысады деп жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар