Алматыда

АЛМАТЫ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда оқушылар арасында алғашқы «Болашақ депутаттар» олимпиадасы болды.
None
None

Оны «КаР-Тел» ЖШС-нің қолдаумен республикалық «Жастар Парламенті» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Құқықты жетік білетін жасөспірімдерден құралған командалар арасындағы бұл жарысқа 7 мектептің оқушылары қатысты. Турнир ережелері бойынша әрбір команда 3 оқушыдан құралып, олар бұл додада екі сыннан өтті. Жарыс қорытындысын бірінші орынды №105 мектеп, екінші орынды - №38 мектеп, үшінші орынды №165 техникалық лицей иеленді.

«КаР-Тел Vimpelcom Ltd-ның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы жалпы стартегиясымен жүре отырып дәстүр бойынша білім беру жобаларын қолдауда. Бізде белсенді жасөспірімдердің осындай жақсы бастамасына қолдау көрсету дәстүрге айналған. Әсіресе, жастарды құқық саласында тәрбиелеу болса, тіптен қуана қолдаймыз», - дейді компанияның қоғаммен байланыс менеджері Байрам Азизов.

Соңғы жаңалықтар