Алматыдағы №105 мектеп- гимназиясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған жиын өтіп жатыр
trong>Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Бүгін Алматы қаласының оқу- әдістемелік орталығы №105 мектеп- гимназиясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған жиналыс өткізіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Секцияны Білім жүйесінде біліктілігін жоғарылату және кадрлерді қайта дайындау институтының қоғамдық пәндер оқу- әдістемелік орталығы ұйымдастырып отыр.
Тамыз жиналысына АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі, Британ Кеңесі, қаланың барлық орыс, қазақ мектептерінің ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері қатысуда.
«Басқа тілді оқу арқылы, сен басқа халықтың мәдениетімен танысасың» демекші, мектепте біздің оқушылар 1-ші сыныптан бастап ағылшын тілін оқиды. Бүгін Елбасымыздың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында ағылшын тілін сапалы, әрі жоғары деңгейде оқыту жөнінде жиын өткізіп жатырмыз»,- дейді №105 мектеп -гимназиясының директоры Қарлығаш Адыбаева.
«Бұл жиналыс жаңа оқу жылына ағылшын пәні мұғалімдеріне жаңа нұсқаулар, бағыт-бағдарлар беріп қана қоймай, біліктіліктерін жоғарылатуларына, жаңашыл жолда білім беру жүйесін ұйымдастыруға, білім жүйесінде «ҚР Тіл туралы» Заңының орындалуында жаңа инновациялық әдістеме табуға көмектеседі. Дамыған елдердің тәжірбиесіне сүйене отырып, жаңа үлгідегі ағылшын тілі бағдарламасын енгізуге де мүмкіндік береді», дейді қоғамдық пәндер оқу- әдістемелік орталығының әдіскері Лариса Петрова.
Жиналыста №105 мектеп -гимназиясы келген қонақтарға кітаптар, дискілер, мұғалімдерге қажетті заттар таратты. Мектеп алдында ағылшын тіліндегі кітаптарды сататын арнайы кітап дүкендерінің көрмесі ұйымдастырылып жатыр.