Алматыдағы 148 лифт - апатты жағдайда
Онда 950-ден астам жеке пәтер иелері коперативі, ЖШС сияқты кондоминумдағы басқару органдары қызмет көрсетеді. Олар кондоминиум нысандарында тек ағымдағы жөндеу жұмыстарын ғана жүргізеді. Күрделі жұмыстарына қаржылары жоқ. Ал тұрғын үй қорының 50 пайызы күрделі жөндеуді, соның ішінде лифтілерді жаңартуды қажет етеді», - деді бүгін Алматыда өткен тұрғын үй қорындағы лифтілердің мәселесіне қатысты дөңгелек үстел жиынында Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Тұралиев.
Оның айтуынша, 4 мыңнан астам лифтінің 3 мыңға жуығы тұрғын үй қорында. Олардың 800-і өзінің қолдану мерзімін аяқтап, 25 жылдан астам уақыттан бері жұмыс жасауда. Ал 148-іне 35 жылдан асты. Яғни олар апатты жағдайда тұр. Егер оларды дер кезінде ауыстырып, жаңартып отырмаса оның саны жыл өткен сайын ұлғая береді. Мәселен 2-3 жылда олар 500-ден асуы мүмкін.