18:44, 18 Тамыз 2020 | GMT +5
Алматыдағы 15 ірі сауда орталығы санитарлық талапқа сай емес
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ашылуға дайындалып жатқан 15 ірі сауда орталығы санитарлық талапқа сай болмай шықты. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқарма басшысының орынбасары Қанат Сағындықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінгі таңда аумағы 2000 шаршы метрден асатын 96 нысаннан өтініш келіп түсті. Оның 81-не рұқсат беріліп, 15-не ескерту жасалды. Бұл нысандардың жұмысы санитарлық талаптарға жауап беруге әзір болғанда ғана қайта тексеріліп, рұқсат алады»,– дейді Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы бастығының орынбасары Қанат Сағындықов.
Жалпы қала бойынша жұмысын жандандыру үшін 134 сауда нысаны аудиттен өтуі керек.