Алматыдағы № 175 жалпы білім беру мектебі Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өткізді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Алматыда Әуезов ауданы әкімдігі мен № 175 жалпы білім беру мектебі әкімшілігінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатысуымен мерекелік іс-шара өтті,

Алматыдағы № 175 жалпы білім беру мектебі Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өткізді

деп хабарлайды ҚазАқпарат Әуезов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлы Жеңісті алып берген аталарымыздың ерлігін құрметтеуіміз қажет, дейді жиынға қатысушы жас ұрпақ.

Жиынға Шікібаев Жұмақан, Асташкин Виктор, Витушкин Григорий және Керімқұлов Жаңбыр сынды соғыс ардагерлері келіп, қазақстандықтардың сұрапыл соғыста көрсеткен ерлігі жайлы баяндап, болашақ ұрпаққа патриоттық тәрбие беретін өсиеттерін айтты.

Аталмыш іс-шараға Әуезов ауданы әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, аудандық білім бөлімінің бастығы, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Социал Асубаев қатысты.

Сонымен қатар кеште қонақтарға арнап қазақстандық эстрада жұлдыздары мен ауданның мектеп оқушылары мерекелік концерт қойды.