Алматыдағы 2 қабатты көппәтерлі үйде газ жайылып кетті, зардап шеккендер бар
АСТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - Кеше сағат 18:33-те Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан 2 қабатты көппәтерлі үйде газ балонынан газ шығып кетіп, газ-ауа қоспасы тұтанды, алайда өртенген жоқ.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды. Бұл ретте 56 жастағы әйелді күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.