Алматыдағы №2 перзентханада жүкті әйелден коронавирус табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы № 2 перзентханадан COVID19 инфекциясы тіркелді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдағы №2 перзентханада жүкті әйелден коронавирус табылды

«Перзентханаға жүктіліктің 39-аптасындағы келіншек келген. Ол коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған. Ол бұл ақпаратты жасырып қалған», - дейді баспасөз қызметі.

Қазір қызметкерлер мен пациенттер ПТР-тестілеуден өтті. Оларды басқа медициналық мекемелерге ауыстыру немесе үй карантиніне жіберу қарастырылып жатыр.

«№2 перзентхана ғимаратында зарарсыздандыру шаралары жасалды. Қазір мекемеде пациент қабылдау тоқтатылды. Қызметкерлер мен пациенттер тағы қосымша тестілеуден өтеді. Вирус жұқтырғаны расталмаса, перзентхана штаттық режімде жұмысын жалғастырады», - деді әкімдіктен.