Алматыдағы 40 базар толық қайта құруды қажет етеді
АЛМАТЫ. 10 шілде. ҚазАқпарат - Алматыда 74 әмбебап базардың 34-і толық немесе белгілі бір бөлігі «Қызыл жиек» аумағында тұр.
Қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жанат Айтілеу бүгін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін «Строй Сити» базары аумағындағы сауда орталығының 2-кезеңі құрылысының барысымен таныстырған кезде осылай айтты.
«Толықтай «қызыл жиекте» тұрған базарлар түгел жойылады. Ал белгілі бір бөлігі ғана тұрғандар бұл жерді босатып, өз аумағында салынатын жаңа сауда орталығына көшіріледі. Әзірге жойылған базарлар жоқ. «Қызыл жиек» аумағындағы жерді босату туралы 6 базар бойынша сот шешімі шығарылған. Енді оның орындалуын заң бойынша сот орындаушылары жүзеге асырады», - дейді Ж. Айтілеу.
Оның айтуынша, толықтай «қызыл жиекте» тұрған базарлар кайда көшетінін өздері шешеді. Жалпы Алматы қаласының Бас жоспары бойынша Үлкен Алматы су арнасы аумағында сауда орталықтарын, өнеркәсіп нысандарын салу мүмкіндігі қарастырылған. Әзірге ол жерлер Алматы облысы аумағында. Алматының
Бас сәулетшісі орынбасарының сөзіне қарағанда, қазіргі таңда 6 базар басшылығы қазіргі заманғы жаңа сауда орталығын салудың сызбалық жоспарын ұсынды. 13-і өз базарларын қайта құру жұмыстарын бастап, жобалау жұмысына кірісті. Ағымдағы жылы жобалар мақұлданса, 2-3 базарда жаңа сауда орталықтарының құрылысын бастау жоспарланып отыр.