Алматыдағы 9 қабатты үйде болған өрт кезінде үш пәтердің балконы жанып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы 9 қабатты үйдің өртенуіне байланысты қосымша мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдағы 9 қабатты үйде болған өрт кезінде үш пәтердің балконы жанып кетті

Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, 9 қабатты үйдің 6-7-8 қабаттарындағы пәтерлердің балкондары өртенді. Сондай-ақ, жалын үйдің қасбетін зақымдап, барлығы 50 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Өрт сөндірушілер арнайы аппаратты пайдалана отырып, үйдегі барлық адамдарды алып шықты. Барлығы 50 адам қауіпсіз жерге шығарылды», - деді С.Баймұхамбетова.

Айта кету керек, Қабанбай 138 мекенжайы бойынша пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарлама сағат 13:25-те түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 13:33-те жетті.

Жүргізілген шаралардың арқасында өртті сағат 13:58-де ауыздықтап, 14:08-де өшіру мүмкін болды.

Публикация от Евразийские новости (@esnewskz) Июл 19 2017 в 1:03 PDT