Алматыдағы Абай даңғылы қалай ұзаратыны белгілі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Абай даңғылы қалай ұзаратыны белгілі болды. Наурызбай ауданында өткен инвестициялық форум барысында Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жол инфрақұрылымы бөлімінің басшысы Ернұр Әбжахан Абай даңғылын ұзарту жобасы туралы айтып берді.

Алматыдағы Абай даңғылы қалай ұзаратыны белгілі болды

Маманның айтуынша, бұл жоба қаладағы көлік ағынын азайту және қала орталығы мен оған қосылған аудандардың жол қатынасын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.

«Даңғылды ұзарту жұмыстары 2 кезектен тұрады: бірінші кезегі қаланың батыс жағына қарай Әуезов көшесінен Қалқаман шағын ауданының шекарасына дейін, ал екінші кезегі - Момышұлы көшесінен Әуезов көшесіне дейін Қалқаман шағын ауданына барады», - деді Абжахан.

Қазір, Наурызбай ауданынің әкімшілік орталығының аумағында жол салынып жатыр.

Жұмыс 2017 жылдың желтоқсанында аяқталады деп жоспарлануда.

Жаңа жол 6 жолақтан тұрады. Веложолдары мен жаға жолдары болады. Сондай-ақ, екі жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы көзделіп отыр.