Алматыдағы Абай даңғылы уақытша жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда метро құрылысына байланысты Абай даңғылы уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Достық» метро құрылысына байланысты Абай даңғылы – Б.Момышұлы көшесіндегі көлік қозғалысына өзгеріс енгізіледі:

- 27 тамыз кешкі сағат 22: 00 -ден 28 тамыз кешкі сағат 22: 00 -ге дейін Абай даңғылының бойымен Саин көшесінен Б.Момышұлы көшесіне дейінгі батыс және шығыс бағыттағы көлік қозғалысы жабылады.

- Абай даңғылының бойында орналасқан үйлердің ауласына кіретін және шығатын жерлер ашық болады.

- Б. Момышұлы көшесі мен Саин көшесі бойымен қозғалыс қалыпты режимде болады. Көліктердің жүруіне шектеу жоқ.


Соңғы жаңалықтар