Алматыдағы ағаштары кесіледі деген саябақ қайта қалпына келтірілетін болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат 2017 жылдың соңына қарай Алматыдағы «Южный» саябағы толығымен қалпына келтіріледі. Бұл туралы Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Бекқали Торғаев мәлім етті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

«Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Келесі жылдың соңына дейін саябақ толығымен қалпына келтіріледі. Былтыр бұл мәселені өзім көтергем. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы саябаққа арнап жоба дайындады. Келесі жылы қалалық бюджет есебінен жоба игеріле бастайды. Жоба аяқталуға жақын. Біткеннен кейін инвесторларға таныстырылады», - деді Б.Торғаев.

«Южный» саябағының аумағы 14,22 гектар. Саябақта 5000 ағаш бар. Ертеректе аталған саябақтағы ағаштар кесіледі деген хабар тараған болатын. Бірақ, Алматы әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Сонымен қатар, аудан әкімі «АДК» сауда орталығының жоғарғы жағында тағы екі балабақша салынатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар