Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған ірі жол апатынан 7 адам зардап шекті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби даңғылында болған ірі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жол апатынан 7 адам зардап шекті, оның 4-уі бала.
«Бір ересек адам оқиға орнында ауруханаға жатқызудан бас тартты, екеуін жедел жәрдем бригадасы қалалық клиникалық аурухана мен орталық клиникалық ауруханаға жеткізді. Бас жарақатын алып, денесі көгерген. Барлық медициналық тексерулерден кейін олар амбулаторлық емдеуге жіберілді», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.
Төрт бала Балалар жедел медициналық жәрдем орталығына жеткізілді.
«Барлық қажетті медициналық тексерулер жүргізіліп, мамандар тексерді. Тексеру кезінде бас-ми жарақаты мен нейрохирургиялық патология деректері анықталған жоқ. Барлық 4 науқас жұмсақ тіндердің көгеруі диагнозымен амбулаторлық емдеуге жіберілді», - деп атап өтті басқарманың баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 21 тамыз күні Алматының Әл-Фараби даңғылында ірі жол апаты болды.
Кейін желіде ірі жол апатының видеосы тарады