Алматыдағы әл-Фараби даңғылында кері және екі жолақты қозғалыс ұйымдастырылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде әл-Фараби даңғылы бойынша жол қозғалысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әл-Фараби даңғылының бойында Сырғабеков көшесінен Есентай өзеніне дейін өткізу қабілетін арттыру үшін 12 шілдеден 13 шілдеге дейін мынадай шаралар қабылданатын болады:
- 12 шілде таңғы сағат 06:00-ден бастап әл-Фараби даңғылының солтүстік жағынан Сырғабеков көшесінен Есентай өзеніне дейін кері қозғалыс жолымен көлік құралдарын бұру ұйымдастырылады;
- 06:00 сағаттан бастап 15:00 сағатқа дейін шығыс бағытта екі жолақты қозғалыс, батыс бағытта бір жолақты қозғалыс ұйымдастырылады.
Сағат 15:00-ден бастап 21:00 сағатқа дейін - батыс бағытта екі жолақпен, шығыс бағытта бір жолақпен қозғалыс жүзеге асады.
Тәуліктің кешкі уақытында сағат 21:00-ден бастап жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін Жароков көшесі бойынша көлікті солтүстік бағытта бұруды ұйымдастыра отырып, шығыс бағыттағы қозғалыс толығымен жабылатын болады:
«Қозғалыс қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдік 6 экипажы қарастырылған, 40 км/сағ. жылдамдықты шектеу белгілері орнатылады, жолақтар бойынша бөлу конустық шағылыстыратын чиптермен белгіленеді. Реверсив басталғанға дейін екі жағынан көлік ағындарын бөлетін металл турникетінің 25 данасы болады (100 м)» деп хабарлады әкімдіктен.
Әл-Фараби даңғылындағы Ремизовкадан шығу «Есентай-Молл» оңтүстік тұрақ аймағы арқылы ұйымдастырылады. Аталған учаскеде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдың полиция экипажы тұратын болады.