Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ-ге кірмекке әрекеттенген қылмыскердің қасындағы ер адам ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ішкі істер органдарының қызметкерлері Алматы қаласының Алмалы АІІБ-ге кірмек болған қылмыскердің жанындағы ер адамды қолға түсірді, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.

Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ-ге кірмекке әрекеттенген қылмыскердің қасындағы ер адам ұсталды

Оның құқықбұзушылық әрекеттерге қатысы бар не жоқ екені тексеріліп жатыр.

Осыған дейін қарулы қақтығыс кезінде тәртіп сақшылары қылмыскерді ұстаған. Күзеттен ұрланған автомат қаруы тәркіленді. Қылмыскер «Қазақконцерт» АҚ ауданында қолға түсті.

Қазір қаладағы жағдай тұрақты және құқық қорғау органдарының бақылауында.