Алматыдағы «Алтын диірмен корпорациясының» комбикорм мен ұн сақтайтын қойма ғимараттарында ірі өрт болды

АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - Өткен сенбі күні таңсәріде Алматы қаласындағы «Алтын диірмен корпорациясы» ЖАҚ-тың комбикорм мен ұн сақтайтын қойма ғимараттарында ірі өрт болды.
None
None

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, өрт аталмыш мекеменің Түрксіб ауданы, Сүйінбай көшесінде орналасқан қоймаларында қазанның 2-сі күні сағат 04.44-те шыққан.

Тілсіз жау екі сағаттан кейін тоқтатылып, алты сағаттан кейін толық ауыздықталды. Оны жоюға Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 39 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Жалын қоймалардың 1500 шаршы метр аумағын жойды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар