Алматыдағы Арбатта екі қабатты ғимарат өртеніп жатыр (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жібек жолы мен Панфилов көшелерінің қиылысында орналасқан екі қабатты ғимарат өртеніп жатыр. Бұл туралы жаңа ғана ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.

Алматыдағы Арбатта екі қабатты ғимарат өртеніп жатыр (ФОТО)

Оқиға орнына өрт сөндірушілердің алғашқы тобы келіп жетті.

«Қазір оқиға орнында барлау жұмыстары жүргізілуде. Өрттің ошағы әлі анықталған жоқ. Оны анықтау үшін ғимараттың шатырын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Қазір оқиға орнында өрт сөндіруге жеке құрамнан 79 адам және 22 техника жұмылдырылған.

null null null null